Оралда ішімдікке тойып алған жүргізуші жол апатын жасады

338

Батыс Қазақстан облысында ішімдік ішкен жүргізушісі жол апатына себепкер болды. Оқиға түнгі сағат 01.45-те Орал қаласының Деркөл кентінде болған.

Полицейлердің мәліметінше, ВАЗ-2114 көлігін басқарған 29 жастағы жүргізуші 52 жастағы ер кісі тізгіндеген Hyundai Santa Fe автокөлігімен соқтығысқан. Сараптама қорытындысы бойынша ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі “орташа дәрежелі” алкогольдік мас күйінде болған. Сонымен қатар ол 2020 жылы сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Оның көлігі айыптұрағына қойылды.

Жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 2-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) қылмыстық іс қозғалдыі. Сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы пост
Астаналық тұрғын супермаркеттен 6 қорап жөргекті ұрлаған
Келесі пост
Түркістанда жері телімін сатып алмақ болған ер кісі сан соғып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu