​Оралда қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды

Теги:
363

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында 16 қараша күні қонақ үйден ер адамның мәйіті табыды. Бұл туралы Абай ауданының полициясына таңғы уақытта хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады.

Polisia.kz жазуынша, қонақ үй бөлмесінде жәбірленушіден бөлек 28 жастағы бойжеткен де болған. Ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта материалды толық жинауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Іс бойынша сот сараптамалары кешенінің нәтижелеріне сәйкес, заңды процестік шешім қабылданатын болады.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінің санкциясына сәйкес, кісі өлтіру, яғни басқа адамға заңсыз қасақана өлім келтіру – сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алдыңғы пост
Шымкентте спорттық гимнастикадан ҚР чемпионаты басталды
Келесі пост
Үшінші мегаполисте халықаралық сауда орталығы  пайда болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu