145
Қарағанды–Аягөз-Бұғаз тас жолында 117 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Темір тұлпар жылдамдықты асыра жүрсе керек. Бейнематериалға сүйенсек, көлік қатты соққы алған секілді. Салдарынан, төрт адам түрлі дене жарақатын алған.
Оқиға орнына “Матақ” трассалық медициналық-құтқару пунктінің медицина қызметкерлері шұғыл жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті. Олар, Бұхар-Жырау ауданының ауруханасына жатқызылды.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.