375
Қостанай облысындағы Лисаков қаласында аса ауыр қылмыс орын алды. Жеке үйден 46 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Polisia.kz жазуынша, ер кісінің денесінде зорлықпен өлтірілген белгілері бар. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Лисаков қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. Ұсталған тұрғын өз кінәсін мойындады. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.