334
Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен пәтер алмақ болған тағы бір тұрғын алаяқтың құрбаны болды. Осылай деген әйел азаматы полицияға арызданған. Оның айтуынша, танысы екі ай ішінде Шымкент қаласынан пәтер алып беремін деп, 5 миллион 650 мың теңгесін алған.
Полиция департаментінің мәліметінше, тұрғынның арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер әжей мұнай саласында жұмыс жасаған. Күдікті бұған дейін де алаяқтық қылмыс жасағаны үшін сотты болған екен.
Қазіргі уақытта зейнеткер уақытша ұстау изоляторында қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.