​Өмірден түңіліп кеткен бойжеткен көпірден секіріп өлмек болды

Теги: ,
301

Алматы тұрғыны өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Оқиға таңғы уақытта болған. Көпірден секірмек болған бойжеткенді сол маңда өтіп бара жатқан тұрғындар көрген. Дереу «102» пультіне қоңырау шалыпты.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына «Буран-183» патрульдік экипажы жетіп, жедел әрекет еткен.

«Сағат 06:57-де көпірден адамның секірейін деп тұрғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына дереу жеткенде, дерек расталды. Қыздың көпірден секіргісі келіп тұрғанын көрдік. Біз оның қолынан ұстап алдық. Тұрғын пойыздың астына секіріп, өз-өзіне қол жұмсағысы келген. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы шақырылды. Мән-жайды білу үшін бойжеткен соларға тапсырылды», – деді полиция полкінің инспекторы Наурыз Дәнекеев.

Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізілген тұрғын отбасындағы келіспеушілік салдарынан өз-өзіне қол жұмсамақ болған екен. Оған психологиялық көмек көрсетілді.

Алдыңғы пост
​Пәтер алмақ болған Шымкенттің тағы бір тұрғыны алаяққа алданды
Келесі пост
​Тәттіқұмар әйел дүкеннен шоколад ұрлап кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu