Пәтерді жалға беру ақысы қанша пайызғаны өскені белгілі болды

Теги:
338

Қыркүйек айында тұрғын үйді жалға беру ұсыныстарының бағасы жылдық мәнде 47,2%-ға өсті. Өткен айда тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін жалдау ақысының орташа бағасы 4 612 теңгені құрады. Ал бір ай бұрын 4 029 теңге мөлшерінде болған.

Республика бойынша баға тек Алматы қаласында жоғары – 5 611 тг/м2. Баспананы жалға беру бағасы, сондай-ақ Астана және Ақтау қалаларында қымбат, шаршы метріне тиісінше 4 485 тг және 3 253 тг-ден. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Жалға берілетін тұрғын үйдің ең төменгі бағасы Қызылорда (1 797 тг/м2 ), Тараз (1 809 тт/м2) және Жезқазған (1 845 тг/м2) қалаларында тіркелген.

«Тұрғын үйді жалға алу бағасы бір айдың ішінде Қостанай қаласында айтарлықтай қымбаттады. Онда пәтерді жалға беру құны бірден 42,6%-ға артқан. Баға қарқынды түрде Петропавл қаласында да өсті – 27%. Баға өсімінің үштігінде Қарағанды қаласы да бар, онда қыркүйек айында тұрғын үйді жалға алу бағасы тамызбен салыстырғанда 21%-ға өсті» делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.

Тұрғын үйді жалға алу бағасы болмашы мөлшерде Түркістан (0,6%), Талдықорған (3,5%), Шымкент (3,9%) және Қызылорда (4,3%) қалаларында өсті.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында жылдық инфляция 17,7%-ды құрады, тұтыну бағалары индексінің құрылымында ақылы қызметтер 12,3%-ға қымбаттады.

Алдыңғы пост
44 жастағы ер кісі өзімен ажыраспақ болған әйелінің үйін өртеп жіберді
Келесі пост
Шымкент әкімі белсенді азаматтық ұстанымы бар тұрғындарға алғысын білдірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu