Павлодарда жеңіл көлік жүргізушісі талға соғылып, жолаушы қайтыс болды

25

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқиға түнгі сағат 23.00 шамасында Екібастұз қаласындағы Кеншілер көшесінде болған. “ВАЗ” маркалы автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші талға соғылған. Апат салдарынан 20 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Екінші 29 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды

Полицейлердің дерегінше, жүргізуші есірткі қолданып, мас күйде болған. Сондай-ақ тексеру кезінде оның автокөлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екендігі анықталды. Көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Астанада ер кісіні бөтелкелестері ұрып кетті
Келесі пост
Шетелдік азамат есірткіні іш киіміне салып, шекара аспақ болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu