«Әр үйге қауіпсіздік» акциясы өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

184

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Эльдар Паттаховтың және басқарманың аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Бәйдібек Әбілқасымның қатысуымен аудан аумағында жылыту маусымында және мереке күндері төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша брифинг берді.

«Басқарманың 2022-2023 жылдарға арналған жылыту кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу бойынша жұмыстар Шымкент қаласы әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес орындалуда.

Атап айтқанда тамыз айынан бастап «Өрт қауіпсіздігі айлығы», «Жатақхана», «Улы газдан сақ болыңыз», «Әр үйге қауіпсіздік» акциялары жүргізілді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімі орынбасарының төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар беріліп, орындалуы комиссия бақылауында»,- деді Э.Паттахов.

«Өрт қауіпсіздігі айлығы» акциясының нәтижелері бойынша құзырлы органдармен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 652 отбасының үйіне барып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 3 452 адамға нұсқама берілді.

«Жатақхана» акциясының нәтижесінде Абай ауданында орналасқан 12 жатақаханың 1156 тұрғынына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.

Жылыту маусымының басталар алдында мұндай іс-шара жүргізілген болатын. Дегенмен газбен улану деректері әлі де тіркелуде. «Газ және газбен жабдықтау» заңында көрсетілгендей әрбір тұтынушы өзінің газ жабдығының техникалық қауіпсіз күйде болуына міндеттелген. Және үйішілік қызмет көрсету мекемелерімен келісім шартқа міндетті түрде тұруы тиіс. Шымкент қаласында осындай 13 мекеме қызмет көрсетеді. Жаңа заңға сәйкес тұтынушы газ жабдығын пайдалануда техникалық қауіпсіздікті бұзған жағдайда айыппұл қарастырылған. — дейді қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы Асылжан Жанаев.

Үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында, «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтер еңгізіліп, іске қосылды. Қала тұрғындар үйінде отырып, 13 мекемнің қызметтерін өз таңдауы бойынша онлайн келісім-шартқа тұруға мүмкіншіліктері бар. Аталған копманиялардың тізімі Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының әлекметтік желілерінде жариялаған.

Сонымен қатар, 8 701 333 40 15 whatsapp нөміріне хабарласып ала аласыздар.

​-қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынатыны;

газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттілігі түсіндірілді.

​Жалпы Іс-шараға 20-ға жуық ерікті қатысып, қала тұрғындарына жаднамалар таратылды.

Тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауының арты қайғылы жағдайларға соқтырады. Сондықтан тұрғындар халықтың газ тұтынуда жауапкершілігін күшейту мақсатында өткізілетін түсіндірме жұмысының маңызы үлкен екенін айтады.

Алдыңғы пост
Шымкентте ғалымдар көкөніс өсірудің жаңа технологиясын әзірледі
Келесі пост
Шымкент: эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu