Құрсай шағын ауданы Тұран ауданындағы ең өзекті шағын ауданның бірі. Мұнда инфрақұрылым мәселелері жоспарға сай бірте-бірте шешімін тауып келеді. Шағын ауданда жиырма мыңға жуық халық тұрады. Сондықтан биыл Құрсай елді мекенінде 6 балалар ойын алаңшасы орнатылатын болады. Бүгінгі күнге дейін Ұзынағаш, Құлантөбе көшелеріндегі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілген. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Бекболатов, Сатқанбаев, Әулиекөл, Әулиекөл өткелі көшелерінде орнатылады. Сондай-ақ, 2 ашық алаңша құрылысы басталмақ.
Айта кетейік, 2023 жылы Тұран ауданы бойынша барлығы 20 балалар ойын алаңшасы, 12 спорт алаңшасы пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, Еңбекші ауданында 283 көпқабатты тұрғын үй 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.
Жоба іске қосылған жылы 41 аула абаттандырылып, ойын алаңшалары ашылды. Былтыр 75 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жеке секторда 11 кешенді балалар ойын алаңшасы құрылды. Тұрғындардың ұсынысына сәйкес биыл 25 ауланы абаттандырып, балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ жеке секторда 4 кешенді балалар ойын алаңшасы құрылады.
Ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында былтырғы жылы 6 спорт алаңшасы орнатылып, 5 алаңшаға қайта құру жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін 7 спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, М.Әйтенов: “алаңшалар орнатуда жергілікті тұрғындардың ұсыныстары ескерілуі керек”,-деген болатын. Бүгінде Нұрсәт шағынауданында 105, 106, 107, 108 көпқабатты үйлер ауласы абаттандырылып, көгалдандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі М. Әйтенов жауаптылармен бірге абаттандырылып жатқан аулаларды аралап, жұмыстардың барысын пысықтады.
Биыл аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта жыл соңына дейін 7 ашық спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Алаңшалар Тұран, Нұртас, Таскен және Өтеміс тұрғын алаптары мен елдімекендерінде салынады. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 34 аулаға жөндеу жүргізіліп, балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылатын болады.
М. Дүйсенбекұлы мердігерлерге ең алдымен балалар қауіпсіздігін ескеріп, тұрғындарды жайлылығы үшін құрылысты тиісті талаптарға сай жүргізуде тапсырды. Алаңшаларды орнатуда жергілікті тұрғындардың да ұсыныстарын ескере отырып, нысандарды өндірістік кестеге сай қолданысқа беруді ескертті.