Саябақта ән айтып танылған қырғызстандық келіншек ресейлік бағдарламаға қатысты

Теги:
392

Танымал әнші Селин Дионның әнін саябақта айтып, бір күнде танылған қырғызстандық келіншек Бегімай Тұрысбекова ресейлік телебағдарламаға қонақ болып қатысты. «Привет, Андрей» шоуына қатысқан өнер иесі қонақтарды өзіне қаратты. Студияда келіншек Уитни Хьюстонның «I have nothing» әнін орындайды.

Бегімай Тұрысбекованың айтуынша, ол 6 жасынан бастап ән айта бастаған. Кез келген әнші орындай алмай ауыр әндерді айту оған ерекше ләззат береді.

Тоғызыншы сыныпты бітірген соң Бішкек қаласына барып, өнер училищесіне оқуға түскен. Екінші курс оқып жүріп мейрамханаларда ән айтып, нәпақа табуына тура келіпті. Кейін оқуын тастаған.

«Ол кезде жаспыз ғой, арнайы дипломсыз-ақ ән айтып, ақша табуға болады деп түсіндім. Қазір оқуымды жалғастыруға әрекет етіп отырмын»,-дейді ол Андрей Малаховтың қойған сұрағына жауап беру кезінде.

Алдыңғы пост
Алматылық әккі ұры тойханаға келген әртістерді тонап келген
Келесі пост
Елімізде әскерге шақыру науқаны басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu