Түркістан облысы Сарыағаш ауданында электр шәйнектері мен еден сүрткіш жабдықтар құрастыратын цех өз жұмысын бастады. Цех басшылығының айтуынша, өндіріс орны күніне 600-700 дана электр шәйнек және 10 000 дана еден сүрткіш шығарады. Мұнда 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтылған.
Алдағы уақытта жеке кәсіпкер өз кәсібін ұлғайтып, өндіріс қуаттылығын күніне 2 600 данаға жеткізіп, қосымша жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.
Өндіріс орнының жұмысымен аудан әкімі танысып, жеке кәсіпкерге әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.
«Сұранысқа ие өнімнің ең бастысы отандық екендігі көңіл қуантады. Бастысы халыққа қолжетімді бағада, сапалы болса, басты жетістік осы. Алдағы уақытта өз ісін бастаған кәсіпкерге аудан әкімдігі тарапынан мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады», – деді аудан басшысы.