Сарыағашта электр шәйнегі шығарыла бастады

Теги:
245

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында электр шәйнектері мен еден сүрткіш жабдықтар құрастыратын цех өз жұмысын бастады. Цех басшылығының айтуынша, өндіріс орны күніне 600-700 дана электр шәйнек және 10 000 дана еден сүрткіш шығарады. Мұнда 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтылған.

Алдағы уақытта жеке кәсіпкер өз кәсібін ұлғайтып, өндіріс қуаттылығын күніне 2 600 данаға жеткізіп, қосымша жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

Өндіріс орнының жұмысымен аудан әкімі танысып, жеке кәсіпкерге әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Сұранысқа ие өнімнің ең бастысы отандық екендігі көңіл қуантады. Бастысы халыққа қолжетімді бағада, сапалы болса, басты жетістік осы. Алдағы уақытта өз ісін бастаған кәсіпкерге аудан әкімдігі тарапынан мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады», – деді аудан басшысы.

Алдыңғы пост
Желілерді цифрландыру инженерлік коммуникацияларды төсеу кезінде қателерді болдырмауға мүмкіндік береді
Келесі пост
Түркістан облысында бір күнде 2 заңсыз ойын бизнесін дөңгелеткен кәсіпкер анықталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu