454
Сарыағаш тұрғыны ішімдік үшін ұрлыққа барған. Алайда күдікті көп ұзамай ұсталды.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, дүкенінде қуаттаулы тұрған ұялы телефонын белгісіз біреу жымқырып кетіп, 200 мың теңге шығын келтірген.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Полиция хабарлауынша, күдікті бөтеннің мүлкін сатып, ішімдікке жұмсаған. Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.