Отбасы банк өз салымшыларын Шымкент қаласында өтетін жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне шақырады

Теги:
316

Отбасы банк өз салымшыларын Шымкент қаласында өтетін жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне шақырады

    

2023 жылдың 17-18 тамызында Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жетекші құрылыс салушыларды бір алаңға жинап, Шымкентте жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізуде.

Шараға BI Group, OKS group, Basis-A, BATSU group, Kanfar, Orda Invest, Otau Group, СПК Шымкент, Эристайл, ATQ corporation, TUMAR group, Feb group, South company, 01kz bulding, ПРЕСТИЖХАУС ЖШС, Галерея новостроек, KEREGE group және т.б. қатысты.

Жәрмеңкеге келушілер әр алуан ұсыныстардың ішінен өздеріне оңтайлы нысандарды таңдап, жылжымайтын мүлікті сатып алу тәртібі бойынша банк кеңесшілерінен жан-жақты ақпарат алып, ең тиімді төлем жолдарын есептетуге бірегей мүмкіндік алды. Іс-шараға қатысушылар жәрмеңке барысында тіпті несиеге алдын ала мақұлдау қызметін қолданып, заем алу туралы келісімін бірден сол жерде ала алады.

“Қазіргі уақытта 200 мыңға жуық шымкенттік тұрғын үй алу үшін Отбасы банкінде депозит жинап жатыр. 2023 жылдың басынан бері 15 мыңнан астам азамат дәл осы мақсатпен жаңа салым ашқан. Отбасы банкінің жинақ шоттарына деген мұндай сұраныс несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің төмен болуымен түсіндіріледі. Банк клиенттері бастапқы жарнаны өз шоттарында жинақтай отырып, кейін 3,5%-дан 10%-ға дейінгі мөлшерлемемен (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) тұрғын үй сатып ала алады. 2023 жылдың басынан бері 2567 шымкенттік осы мүмкіндікті пайдаланып, қоныс тойын тойлап үлгерді”, – деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.

Банк мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыруға да белсенді атсалысуда.

Осылайша, Шымкентте «2-10-20» бағдарламасы бойынша 204 отбасы қолжетімді шарттармен баспана алуға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ жақын арада Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Qamqor» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау басталды. Ол 10% бастапқы жарнамен баспана алуға заем рәсімдеу мүмкіндігін береді. Заемның ең жоғарғы сомасы 20 млн теңге. Кредит мөлшерлемесі 5%-ға тең болады (ЖТСМ 5,2%-дан).

«Qamqor» бағдарламасына дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, мұғалімдер, тәрбиешілер, күтушілер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, мәдениет, спорт қызметкерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері, журналистер, қалалық мемлекеттік ұйымдар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, энергетика саласының өкілдері қатыса алады. 

Қатысу туралы өтінімдерді «Баспана маркет» порталында https://otbasybank.kz/ жолдауға болады. 

Шымкент қаласындағы жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі 2023 жылғы 17 және 18 тамызда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «Көрме орталығы» кешенінде өтеді.

Алдыңғы пост
Биыл Шымкентте 28 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады
Келесі пост
Сарыағаштық тұрғын ішімдік үшін ұрлық жасаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu