421
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ер кісіні көршісі сазға отырғызып кеткен.
Жәбірленушінің айтуынша, таныс көршісі мал қора сатып әперуге уәде беріп, сеніміне кіре отырып алаяқтық жолмен 8 миллион теңгесін алған. Алайда бір жыл бойы құрғақ сөзге сендіріп, алдап келген.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ұсталды.
Полиция мәліметінше, ер кісі көршісінен алған ақшаны өз қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Сондай-ақ осындай жалған уәделер беріп, тағы бір тұрғынды алдап үлгерген. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.