Шетелдік азамат есірткіні іш киіміне салып, шекара аспақ болған

419

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы полицейлерге “Жібек жолы” шекара бекетіндегі есірткі контрабандасы бойынша күдікті туралы хабарлама келіп түскен. Анықталғандай, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан еліне өтіп бара жатқан орта жастағы ер азаматқа «Капелла» атты қызметтік ит белгі берген. Шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырған. Ер адамның Ресей Федерациясының азаматы екенін анықталды.

«Оқиға орнына келген полицейлер күдіктіні тінту кезінде іш киімінің ішінен есірткі тектес затты тәркілеп алды. Алынған зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың «гашиш» екені расталды»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Павлодарда жеңіл көлік жүргізушісі талға соғылып, жолаушы қайтыс болды
Келесі пост
Жаңаөзен қаласында Ұлттық ұлан жауынгері жылдың үздік маманы атанды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu