Қостанайлық тұрғын шетелдік жігіттің арбауына түсіп қала жаздады. Айтуынша, ол өзге елдің азаматымен танысып, араласа бастаған. Аз ғана уақыт ішінде олардың арасында сезім оянып, жігіт оған үйлену туралы ұсыныс айтқан. Ең қызығы, шетелді жігіт қостанайлықты тұрмысқа шығып қана қоймай, үйін сатуға көндіруге тырысқан. Ер кісі одан түскен ақша екеуі өзге елде жаңа өмір бастауға қажет деп түсіндірген. Алайда отандасымыз «күйеу жігіттің» бұл ұсынысынан бас тартады. Оған ашуланған жігіт әйелдің телефонына қол жеткізіп, ар-намысын таптайтын мәліметтерді жариялап жіберемін деп қорқытқан көрінеді.
Тығырыққа тірелген тұрғын дереу полициядан көмек сұраған. Тәртіп сақшылары іске кірісіп, нәтижесінде «шетелдік альфонс» елден шығарылды.
Қостанай облыстық Полиция департаментіндегілер ер адам өзінің қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізбегендіктен, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын атап өтті. Алайда оған әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылған.