Шымкент циркінде отбасылы иллюзионистер өнер көрсетеді

Теги: ,
305

Цирк – ерекше талғампаздықты, ептілік пен шапшаңдықты талап ететін қиындығы мен қызығы қатар жүретін өнер! Осындай жауапкершілігі мол қызметті отбасымен бірге қолға алып, цирк өнеріне аянбай еңбек етіп жүрген Сергей Мұстафин және оның өнерлі отбасы жайында айтпақшымыз.

Сергей өзінің жұбайы Гузель Зуфарқызы Мустафинамен бірге Шымкент цирк мекемесінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Өздерімен қатар ұлы Марк, қызы Сабина да цирк өнерін жетік меңгерген. Сергей акробаттар тобының жетекшісі, цирк өнеріне қызығатын жас буынды дайындайды.

Сондай-ақ, жұбайы Гузель және ұлы, қызымен “иллюзионисттер” өнерін ұсынумен қатар акробатика, гимнастика, эквелибристика, фокус, иллюзия өнерін цирк сүйер көрерменге ұсынудан жалықпайды.

Бүгінде қызы Сабина Қытай Халық Республикасында Чанджоу қаласында иллюзианист болып өнер көрсетсе, баласы Марк Мәскеу қаласында РУЦЭИ-де 3 курста оқу оқиды.

Еңбектері еш кетпеді, Сергей Борисович 2015 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталып, қазір Алматы қаласында өтетін, 15 мемлекет қатысатын сайысқа яғни, Халықаралық цирк фестиваліне дайындық үстінде. Сәттілік тілейміз!

«Шымкент-циркіне» нақтырақ тоқталып өтсек. Жалпы, Шымкент циркі әлемдегі ең жас цирктердің бірі. Аз уақыт ішінде шығармашылық ұжым клоун, шапито, джигитовка, жонглерлік және эквилибристика бағыттарында өнер көрсетіп, ел қошеметіне бөленіп жүр.
Цирктегі Гигант, Ақбура, Ақтанау, Талисман, Месси атты ақылды аттар халықаралық байқауларда жүлделі орындарды иеленуде. Былтырғы жылы жылқылардың қатысуымен ұсынылған “Джигитовка” қойылымы “АЗИЯ ЖАҢҒЫРЫҒЫ” фестивалінде 13 мемлекеттің цирк өнерпаздары әзірлеген бағдарламалар арасынан алтын жүлдені иеленді.

Ақылды аттар арнайы күтіліп-бапталады. Ат құлағында ойнайтын шабандоздар жылқыларды күн сайын жаттықтырып, бабын келтіреді. Алдағы уақытта цирк қызметкерлері жануарлар санын арттырып, заманауи талапқа сай қызықты нөмірлер дайындауды жоспарлауда.
Сондай-ақ «Шымкент-циркінің» 10 жылдығына орай ұсынылған «Cirque du Soleil» бағытындағы «Аңсыз цирк» бірегей эксперименталдық жобасы да көрермендердің ыстық ықыласына бөленген болатын.

Шымкент-цирктің жетістіктері де көп. Мәселен, цирк оркестрі Ресейде өткен халықаралық деңгейдегі үрмелі және соқпалы аспаптар оркестрлерінің конкурсында 1-дәрежелі жеңімпаз атанды. Осылайша жергілікті өнер тобы бүкіләлемдік музыкалық Қауымдастықтың “Алтын Кұрмет” кітабына енді.

Алдыңғы пост
Шымкентте ұлттық жоба шеңберінде 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына қатысты
Келесі пост
Шымкентте жол апаты кезінде жүргізуші көлікке қысылып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu