Шымкентте ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарды дамыту бағытында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылуда. Нәтижесінде 23 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске аспақ. Жалпы 1500 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда аумағы 133 гектарды құрайтын аймақта инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүруде. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аталмыш аймаққа арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.
Мұнда қазір 15 шақырымдық суаққы жүргізу жұмыстарының 12 шақырымында аяқталған. Осы жылдың маусым айында ауыз су жүйесін тарту жұмысы басталған. 19,3 шақырымды құрайтын электр желілері тартылуда.
Индустриалды аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жыл соңына дейін аяқталады.