Шымкентте 29 жастағы жас жігіт жергілікті тұрғынды бірнеше рет пышақтап, ауыр дене жарақатын салды деген күдікке ілінген. Бірақ ол қылмыстың ізін суыту мақсатында қашып кеткен.
Оқиға 2021 жылдың 24 қарашасында сағат 20:00 шамасында «Күншығыс» мөлтек ауданындағы №3 үй жанында болған. Полиция 1,5 жыл орын алған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1994 жылы дүниеге келген жігітке іздеу жариялады.
Қанды оқиға Қылмыстық кодекстің 24-99-бабы (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша тіркелді. Алайда ер адамның тергеу мен соттан бой тасалап, тұрғылықты мекенжайынан көшіп кеткені анықталған.
«Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасымен 28.04.1994 жылы туған Тойшыбек Бағлан Нұрланұлына іздеу жарияланады. Бұған дейін (2021 жылы) Тойшыбек Бағланға қатысты екі рет іздеу жарияланды. Олардың бірі – халықаралық іздеу. Өкінішке орай, атқарылған жұмыстар өз нәтижесін бермеді» делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция қызметкерлері суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса, бірден полицияның «102» арнасына немесе ( 8-771-671-56-63 ) 57-27-42 , 51-22-01 , 57-27-60 , 57-01-02 нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды.