Шымкент тұрғыны Сириядағы діндестерімен байланысып, терроризмді насихаттаған

Теги: , ,
367

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болған. Және жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін айыпталушыны  кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Алдыңғы пост
Ұлттық ұланда «Үздік БТР экипажы» конкурсы басталды
Келесі пост
Жетісайлық әккі ұры 20 үйге ұрлыққа түскен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu