387
Оқиға Қаратау ауданы «Тұран» шағынауданында болған. «102» арнасына көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 5-қабатындағы сыртқы ернеуінде қыз баланың суицид жасамақшы болғаны туралы қоңырау келіп түскен.
Оқиға орнына 7 минутта жеткен №730 экипаж қызметкерлері әйел азаматының шынында өлімге қадам жасамақ болғанын көреді.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, санаулы секундта олар үйдің шатырына көтеріліп, бірі азаматшаны сөзге тартып, мән-жайды сұрай бастайды. Екіншісі білдіртпей әйелдің артынан келіп, қолынан мықтап ұстап үлгереді. Осылайша оны қауіпсіз жерге алып түседі. Бұл сәттің видеосы тәртіп сақшыларының бейнежетонына түсіп қалған.
Полиция қызметкерлері 33 жастағы тұрғынмен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасына табыстады.