Шымкентте 600-ден астам отбасы тұрғын үй жалдау ақысына субсидия алады

Теги: , ,
416

Шымкентте 659 отбасы тұрғын үй жалдау ақысына субсидия алады. Оның ішінде 2023 жылы 322 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп субсидияланған. Ал 2022 жылы 337 азаматтың аталған әлеуметтік көмекке жолданған өтінімі мақұлданып, жалпы соммасы 30 155 764, 30 теңгені құрады.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына белгілі бір санаттағы азаматтар қатыса алады. Олар: тұрғын үй кезегінде тұрған І және ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтар..
Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда (1) ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 40 567 теңге) аспауы тиіс. Сонымен қатар субсидия алуға үміткердің депозиттік шоты болуы қажет.
Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы шот аша алады.

Қазақстандықтар өз өтінімдерін жылдам әрі кезек күтпей берулері үшін барлық процестер онлайн режимде ұйымдастырылған. Өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба арқылы otbasybank.kz порталында «Жалдау ақысын субсидиялау» бөлімінде беріледі.

Халықтың белгілі бір әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген бағдарламаға сәйкес «Отбасы банкі» тарапынан субсидия ай сайын төленетін болады. Шартты мерзімінен бұрын бұзуға және басқа жалға берушімен жаңа келісімшарт жасасуға болады. Бұл жағдайда өтініш беру процесі қайтадан басталады. Сонымен бірге төлем тәртібі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіп, жыл сайын субсидия алушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексереді.

Еске салсақ, күні кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында шаһарда жыл сайын 1 миллион шаршы метр тұрғын үй салынатыны туралы мәлімдеген болатын.

Шымкентте соңғы бес жылда 3 млн 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынған және оның 2 миллионы соңғы екі жылда берілді.

«Ендігі кезектегі межеміз – жыл сайынғы тұрғын үй көлемін 2 млн  шаршы метрге жеткізу. Ол үшін құрылыс алаңын бірінші кезекте инфрақұрылыммен дер кезінде қамтуымыз қажет», – деді қала әкімі.

Алдыңғы пост
Құдыққа құлап кеткен 2 жасар бүлдіршін көз жұмды
Келесі пост
Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu