Шымкентте «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 136 сәби дүниеге келді

Теги: , , , ,
515

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы аясында Шымкентте көптеген отбасы бала сүю бақытына ие болуда.

Қалалық әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, республика бойынша жыл сайын 7 мың квота бөлінеді. Ең көп квота Алматы, Астана, Шымкент  қалаларына қарастырылған.

Қала аумағында бүгінде 4 репродукция орталығы жұмыс істейді. Қалада экстракорпоральды ұрықтандыруға дайындық бойынша қалалық перинаталдық орталықтың консультативті-диагностикалық блогы жетекші медициналық ұйым ретінде бекітілген. Онда 2018 жылдан бастап бедеулік мәселелері жөніндегі кабинет жұмыс істейді.

Түрлі ем шараларға қарамастан бір жыл бойы түрлі факторларға байланысты  физиологиялық жүктілік болмаған ерлі-зайыптылар ЭКҰ квотасына қатыса алады.

Биыл мегаполиске бағдарлама шеңберінде 429 квота бөлінген. Қазіргі таңда қалада бедеулікпен есепте тұрған 600 жұп бар. Жыл басынан бері арнайы орталықтарға  261 жұп ЭКҰ квота арқылы жолданды.

Айта кетейік, 2021 жылы қалаға 403 квота бөлінген болса, соның ішінде жүкті болғандар саны – 202. Былтыр  413 квота бөлінген, соның ішінде жүкті болған саны – 220. Бағдарлама қолға алынған соңғы үш жыл ішінде квота арқылы 136 сәби дүниеге келген.

Жалпы «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 2022-2023 жылдары елімізде 19 мыңнан астам әйелге экстракорпоральды ұрықтандыру жүргізілген. 7 мыңнан астам әйел жүкті болды. 3 800 отбасында 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді. 2 500 жүкті әйел бала тууды күтуде. Мұндай мәліметті Денсаулық сақтау министрлігіндегілер ұсынды.

Қазақстанда бедеуліктен зардап шегетін пациенттердің міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде экстракорпоралдық ұрықтандыру арқылы медициналық көмек алу құқығы заңнамалық түрде бекітілген. Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап экстракорпоральды ұрықтандыруға квоталарды 7 есеге арттыра отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын.

Президент тапсырмасын сапалы іске асыру мақсатында министрлік еліміздің жетекші бейінді мамандары қатарынан жұмыс тобын құрып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бекітті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдар бөлінісінде ЭКҰ қызметтерінің көлемін орналастырды. МӘМС шеңберінде мемлекеттік қызметті 19 клиника (оның ішінде 3 мемлекеттік, 16 жеке) ұсынады. Ай сайын орындалған бағдарламалардың тиімділігіне мониторинг жүргізеді.

«Аңсаған сәби» бағдарламасының іс-шаралары «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі тұжырымдаманың жобасында көзделген.

Алдыңғы пост
Ақтөбеде пәтер өртеніп, 40 адам эвакуацияланды
Келесі пост
Жас жігіт базардағы сейфтен 19 млн теңгені оп-оңай ұрлап кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu