403
Оқиға 1 тамыз күні болған. Жергілікті тұрғын анасының үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын айтып, полицейлерден көмек сұраған. Ол өз сөзінде 90 жастағы қарт анасының альцгеймерге шалдыққанын атап өткен. Полицейлер әжейді үш сағат сағат бойы үздіксіз іздеген. Қаладағы бақылау камераларын қарап, аулалардағы тұрғындарды сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қарт тұрғын К.Тоқаев көшесі бойынан табылған.