Шымкентте басқарма басшысы мен қызметкерлеріне сот үкімі оқылды

348

Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Әметқызына, жетекші маман Б.Айтмурзинаға, әдіскер О.Мостовскаяға және бизнес өкілі Г.Сапаровқа сот үкімі шықты. Үкім Әл-Фараби аудандық сотында оқылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментіндегілер хабарлады.

Ведомство мәліметінше, басқарма басшысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу кезінде жетекші маманмен бірге адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін шағын және орта бизнес өкілінен 20 мыңнан 120 мың теңгеге дейінгі аралықта жүйелі түрде пара алды деп айыпталды.

Сонымен қатар, басқарма басшысы әдіскермен адамдар тобының алдын ала сөз байласып, өз таныстарын штаттан тыс жұмысшылар ретінде жұмысқа орналастырған. Ай сайын жалған еңбек қызметі үшін жұмыс уақытын есепке алу табелін заңсыз бекітіп, 7,8 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкімімен Г.Әметқызы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып 39 млн теңге, ал Б.Айтмурзина 12 млн теңге мөлшерінде айыппұл төлейтін болды. Басқарманың әдіскеріне 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу, бизнес өкіліне 1,8 млн теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілері халықпен жиі кездеседы
Келесі пост
Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар қыз табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu