363
Шымкентте 50 жастағы ер кісі азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан өлтірді. Оқиға кеше, 31 тамыз күні болған. Бұл туралы полицияға күдіктінің өзі хабарласып айтқан.
ІІМ-нің Telegram-каналындағы ақпаратқа сүйенсек, әйел оқиға орнында көз жұмған.
«Ер адамның өзімен бірге тұратын әйелді қызғанып, оған пышақпен шабуыл жасағаны анықталды. Тәртіп сақшылары “Кісі өлтіру” бабы бойынша тергеу жүргізуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда» делінген ақпаратта.