Шымкентте 33 жастағы тұрғын өз әйелін сазға отырғызып кетті. 32 жастағы келіншектің айтуынша, кешкі сағат 21:30 шамасында жұмыстан үйіне келген кезде құны 197 мың теңге тұратын ұялы телефоны мен 500 мың теңгелік ноутбугін жасырын жымқырып кеткен. Ер кісі әйелдің азаматтық некедегі күйеуі екен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 697 мың теңгені құрап отыр.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсті. Ол Түркістан облысы, Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты. Жасы – 33-те. Полицейлер оның басқа да осы тектес жайттарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінше.
Ұсталған азамат өз кінәсын толықтай мойындап, бұл заңсыз әрекетке баруына екеуара бас араздығы себеп болғанын жеткізген. Айғақты зат тәркіленіп, иесіне қайтарылған.