304
Шымкент фасфуд бағасы қымбаттаған өңірлер қатарына еніп отыр. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросындағылар ұсынды.
Статистикалық дерекке сүйенсек, бір жылдық мәнде өңірлер арасында бұл өнім бағасы Батыс Қазақстан (47,2%) және Солтүстік Қазақстан (44,4%) облыстарында, Шымкент қаласында (37,9%), сондай-ақ Атырау (33,8%) және Жамбыл (33,7%) облыстарында қатты қымбаттады. Ең төменгі жылдық баға өсімі Түркістан (6,4%) және Қызылорда (6,3%) облыстарында тіркелді.
Ал сәуір айында фастфуд құны елімізде бір айда 0,4%-ға, жылдық мәнде 15,9%-ға қымбаттады. Бір айда баға айтарлықтай Солтүстік Қазақстан облысында өсті – 5,7%. Бағаның өсуі бойынша үштікке Жамбыл (4%) мен Жетісу (2,2%) облыстары да кірді.