Шымкентте із-түзсіз жоғалған бойжеткеннің мәйіті табылды

Теги: , ,
358

Шымкентте 4 тамыздан бері іздестіріліп жатқан бойжеткен Аида Әбілданың мәйіті табылды. Полиция хабарлауынша, ол кісі өлтірудің құрбаны болған. 

8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби аудандық ПБ-ға туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады.

ІІМ Telegram-каналындағы мәліметке сүйенсек, бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді. ҚР ҚК 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды.

Еске салайық, 5 тамыз күні Әл-Фараби АПБ-ға жас қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамыз күні үйден белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған.

Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған.

Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыздың іс-түссіз жоғалғаны туралы хабарландыру таратылған болатын.

Алдыңғы пост
Шымкентте екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен полицей қамауға алынды
Келесі пост
Қазақстанда қанша босқын жүргені белгілі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu