Шымкентте ұлттық жоба шеңберінде 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына қатысты

Теги: ,
411

Шымкентте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде биыл 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының тарапынан бүгінгі таңға нақты 22 489 адам қамтылып, жоспар 67,1% орындалды.

Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын дамытуға бағытталған жоба аясында азаматтарды кәсіби білім беру бойынша оқуға жолдау, кәсіпкерлікті қолдау бағытында «Бастау Бизнес» жобасы мен өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарқынды жүргізілуде.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін 19 мыңнан астам адамды бос жұмыс орындарына орналастыру жоспарланып, бүгінде 5293 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Ұлттық жобалар және азаматтардың жеке бастамалары негізінде қалада биыл 23 420 жұмыс орнын құру көзделген. Оның бүгінге дейін 12 500-ге жуығы ашылған, оның 12 203-і – тұрақты жұмыс орындары. Ұлттық жобалар аясында халықты жұмыспен қамту шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Жалпы, жұмыссыздықты жою мақсатында үшінші мегаполисте тиісті жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Шымкентте үш жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі бар. Бір күнде 120 жұмыс беруші мекеме тарапынан 5000-ға жуық бос жұмыс орнын ұсынады. Жұмыс іздеген азаматтарға медициналық, техникалық, жеңіл өнеркәсіп пен басқа да қызмет көрсету салалары бойынша уақытша және тұрақты жұмыс орындарына орналасу мүмкіндігі берілді.

«Арбат» алаңында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай мен Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарынан арнайы келген өкілдер бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жалпы, былтыр қалада «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант иегері атанған 1096 азамат қазір өз қызметін салық органдарында тіркеп, есептерін тапсырған. Мамандар қаражаттың мақсатты жұмсалуына қатысты ұдайы тексеру жүргізіп отырады. Басқарма тарапынан былтыр грант алған 893 азаматтың кәсібіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 827 азамат жұмыс орнын ашып, қосымша 25 азамат жұмыспен қамтылды.
Биыл әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лекте 6 мыңға жуық азаматтан өтінім түсіп, 227-не оң шешім қабылданған.

Алдыңғы пост
Тұран шағынауданы кәріз жүйесіне қосылады
Келесі пост
Шымкент циркінде отбасылы иллюзионистер өнер көрсетеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu