Шымкентте май шығаратын зауыттан өрт шықты

Теги: , ,
326

Шымкентте май шығаратын зауыттың жем сақтайтын ғимаратында өрт шықты. Оқиға бүгін, 31 шілдеде Қапал батыр тас жолындағы 5-ші шақырымда таңғы уақытта болған. 

Өрт туралы хабар Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» диспетчерлік пультіне сағат 10.17-де келіп түскен.
«Корпорация Алтын май» ЖШС-іне қарасты жалпы аумағы 900 шаршы метрді құрайтын жем сақтайтын ғимараттың көлемі 270 шаршы метрлік шатыры және 20 тонаа пісте май қалдығы жанып кеткен.
Қызыл жалын 11.27-де оқшауланып, сағат 12.19-да толығымен сөндірілді. Оны сөндіруге  Өрт сөндіру қызметініңі 60 қызметкері мен 13 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Осы ретте қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қала аумағында 31 шілде мен 2 тамыз аралығында төтенше өрт қаупі сақталатындығын ескертеді.

Алдыңғы пост
Шымкент: үш жылда 792 шақырым жол жөнделді
Келесі пост
Шымкентте жаңа оқу жылына дейін 9 білім ғимараты күрделі жөндеуден өтеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu