326
Шымкентте 10 жасар бала жоғалды. Анасының айтуынша, оқушы отбасылық мәселелерге байланысты белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң келіншек полициядан көмек сұрады.
Шақырту бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Тәртіп сақшылары бала өміріне төнуі мүмкін қауіп-қатерді ескере отырып, шұғыл әрі жан-жақты іздестіруге кірісті.
Нәтижесінде полицейлер қызметтік иттің көмегімен 10 жасар баланы 1 сағат ішінде қоғамдық аялдаманың артында жасырынып отырған жерінен тапты. Үйінің тұңғышы анасына аман-есен табысталды.