Шымкентте Циалковский көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды.
Тұрғын үйдегі 100 шаршы метрлік алаңда құлау орын алып, аумағы 60 шаршы метрді алатын алаңда автомобиль сұйықтықтарды жинақтауға арналған жақын орналасқан сарай, жолаушылар “Газелі” және шатырдың астында орналасқан автомобиль сұйықтықтары (антифриз, тосол) толығымен өртенген.
Өрт 05-18-де оқшауланып, 06-18-де сөндірілді. Қызыл жалынды сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің 31 қызметкері мен 7 бірлік техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы тартылды.
“Оқиға орнынан 1953 жылы және 1985 жылы дүниеге келген ер азаматтардың мәйіті табылды. Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды” делінген қалалық ТЖД мәліметінде.