Түркістандық колледж студенті «AUTOCAMP» әмбебап автокөлігін құрастырды

Теги: , ,
229

Түркістандық колледж студент «AUTOCAMP» әмбебап автокөлігін құрастырды.

Түркістан облысы Келес ауданындағы №13 колледж студенті педагогпен бірге  автопикник жасап шығарды. Бұл автокөлік жанар-жағармайды көп қажет етпейді. Инновациялық шығармашылық жұмыс микроавтобустың негізінде жасалған.

Колледж студенті Бенкс Анарбайдың айтуынша, көлік күн сәулесінен қуат алатын жарықтандыру құрылғыларымен жабдықталған.

«Бұл көлікті бірнеше мақсатта пайдалануға болады. Қазір бұл ол табиғат аясындағы демалыс үшін өте қолайлы. Шағын, ыңғайлы, онымен жүк және адам тасымалдауға болады. Сондай-ақ жүк салуға арналған бортына лайықталған үлкен үстелі мен орындықтары, тіпті шатыры да бар. Оларды қажет кезде құрып, кейін қайта жинап тастауға болады. Демалысқа арналған бұл көлігіміз сәтті шықты», — дейді жоба авторы.

Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, темір тұлпар қараңғы уақытта күннен жинақтаған жарық арқылы қуатталады.

Алдыңғы пост
Стипендиясын құмар ойынға тігіп жіберген шымкенттік студент саябаққа келушіні тонап кеткен
Келесі пост
Шымкенттік жүргізуші 3 млн-ға жуық айыппұлын төлеуден жалтарып жүрген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu