12 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында полицияның “102” арнасына көпқабатты үйдің кіреберісінде жергілікті тұрғын соққыға жығылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту түскен мекенжайға Тұран ауданының полицейлері мен жедел жәрдем қызметкерлері жеткен. Медицина қызметкерлері 35 жастағы азаматтың қайтыс болғанын мәлімдеді.
Жәбірленушіні бірге тұратын әйелінің бұрынғы сүйіктісі қызғаныш үстінде ұрып-соққан. Қарсыласының есінен танып қалғанын байқаған қаскүнем дереу оқиға орнынан қашып кеткен.
Polisia.kz жазуынша, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің сырт келбеті мен жеке деректері көрсетілген бағдарды алып, оны шұғыл іздеуге кірісті. Күдіктінің Түркістан облысы Ленгер қаласының тұрғыны екендігі және оның автокөлігінің жоқтығын білген жедел уәкіл бірден такси жүргізушілерінің тұрағына барған. Жүргізушілердің бірі іздеудегі ер адам ұқсас тұлға жаңа ғана Alphard-қа мініп кеткенін хабарлаған.
Полиция қызметкері дереу оның ізіне түсіп, көлікті Тоғыс елдімекенінде тоқтатып, ер адамды ұстады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі (Аайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.