505
Шымкентте индустриалдық аймақтағы сабын шығаратын цехта өрт орын алды.
«Ордабасы» индустриялдық аймақтың аумағында 17 тамызда сағат 22:10-да «Аль-Абай» ЖШС-іне қарасты сабын шығаратын цех қоймасының ішінде сабын дайындауға арналған шикізат жанып кетті. Қызыл жалын 285 шаршы метр аумақты шарпыды.
Өрт сағат 23:02-де оқшауланып, сағат 02:29 толық сөндірілді. Оны сөндіруге Өрт сөндіру қызметінен 80 қызметкер, 22 техника, «Эко» ЖШС-нің 4 су тасығыш техникасы, 4 қызметкер , Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 5 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Өрттің шығу себебі мен материалдық шығындардың көлемі анықталуда.