​Шымкентте тәттіқұмар жас жігіт дүкеннен 15 қорап шоколад ұрлап кетті

Теги:
1,079

Шымкентте 26 жастағы тәттіқұмар жігіт дүкенге келіп, танымал бренд өнімдерін жымқырған. Оқиға Шымкент қаласындағы сауда орындарының бірінде, кешкі уақытта орын алған.

Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына «102» арнасы арқылы ірі сауда орталығында басшылық қызмет атқаратын азамат арызданған. Ол арызында жас жігіт дүкеннен әрқайсысының құны 2219 теңге тұратын 15 қорап «Merci» маркалы шоколадты жасырын түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалағандығын жазып көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын – 33 285 теңгені құраған.

Аталған жайт ҚК-тің 187-бабы 1-бөлігімен (Ұсақ-түйек жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізген. Нәтижесінде күдікті азаматтың жеке басы анықталып, тәулік ішінде ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 26-да, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын айтыпты. Яғни, ұрланған шоколадтарды көтерме бағада сатып, одан пайда таппақ болған. Белгілі болғандай, күдікті тәттілерді жеп те, сатып та үлгермеген.

Алдыңғы пост
​111 кәсіпкердің құқығы қорғалды
Келесі пост
​Қызылордада киік атуды кәсіпке айналдырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu