Шымкентте көңіл көтеру орнында есірткі саудасының жолы кесілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы түнгі клубтың бірінің 31 жастағы әкімшісі ұсталды.
Жеке тінту барысында бойжеткеннен өзімен бірге болған есірткі заттары салынған полиэтиленді пакет тәркіленген.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың «мефедрон» синтетикалық есірткісі екендігі расталып, жалпы салмағы 48 грамды құраған.
Тергеу кезінде аталған есірткі заты көңіл көтеру орнының қонақтарына таратуға арналғаны анықталған.
Қосымша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткіні түнгі клуб қызметкеріне жеткізіп берген 31 жастағы ер азамат ұрықталды.
«Қазіргі кезде екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.