​Шымкентте танысына сенген әйел сан соғып қалды

Теги: ,
200

Шымкентте тағы бір алаяқтық қылмысы әшкере болды. Еңбекші ауданының полиция басқармасының кезекші бөліміне 39 жастағы тұрғын арызданған. Оның айтуынша, бір жылдан бергі танысы телефон қосымшасы арқылы 1 миллион теңгеге тауарлық несие рәсімдеп, құнын өзі төлейтінін уәде еткен. Алайда несиесін төлемей қойған.

Жәбірленуші әйелдің арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Тәртіп сақшылары күдіктіні тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 28-де, жұмыссыз. Ұсталған азаматша өз кінәсін толықтай мойындап, заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын жеткізді. Қазіргі кезде күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті қалалық Полиция департаменті.

Алдыңғы пост
​Кафенің бас аспазы сейфтегі 3,6 млн теңгені үптеп кетті
Келесі пост
​Алматыда қоғамдық екі автобус соқтығысып, бір адам мерт болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu