Полицейлерге 22 жастағы тұрғын арызданған. Ол тұрмыстық-техникалық дүкеннің бейнебақылау жүйесін тексеру барысында ұрлық дерегін анықтағанын айтқан. Яғни, күндізгі сағат 12:17 шамасында сатылым сөресінде тұрған құны «Samsungb Galaxy Buds 2 pro» және «Samsungb Galaxy Buds 2» маркалы құлаққаптарын белгісіз ер азамат ұрлап алған. Содан соң ер кісі оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 299 970 теңгені құрап отыр.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті 12 сағат ішінде қала аумағынан ұсталды. Ол Шымкент қаласының 34 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. «Күдікті өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Полиция қызметкері ұсталған азаматтың басқа да осы тектес жайттарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деп атап өтті қалалық Полиция департаментіндегілер.