Шымкенттегі Конгресс-холл ғимараты биыл пайдалануға беріледі

Теги: , ,
445

Шымкентте бой көтеріп жатқан халықаралық деңгейдегі Конгрес-холлдың құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ғимарат құрылысы 70%-ға дейін дайын болды.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, нысан құрылысының аяқталу мерзімі 2023 жылдың үшінші тоқсаны деп күтілуде.

Айта кетейік, үшінші мегаполистің «Шымсити» шағынауданында бой көтеріп жатқан Конгресс-холл жаңаша, көпфункциялы мәдени және ойын-сауық нысаны ретінде биыл пайдалануға беріледі. Мұнда халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге мүмкіндік мол.

Конгресс-холл екі блокқа бөлінген, үш қабаттан тұрады. Бірінші блокта мәдени көпшілік іс шараларға, спектакльдерге арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған 2066 орындық көрермендер залы орналасқан. Сондай-ақ, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет бар. Екінші және үшінші қабаттарда көркемдік және киім-кешек бөлмелері, сахнаға қызмет көрсету үшін техникалық бөлмелерді де осы бірінші блоктан көруге болады.

Ал екінші блокта қолөнершілер орталығын көре аласыз. Екінші блоктың бірінші қабатында қолөнер шеберлерінің шеберханалары, оның ішінде тоқу шеберханасы, керамикалық бұйымдар, ағаш, тері, киіз, зергерлік бұйымдар шеберханасын кездестіресіз. Сонымен қатар, қолөнершілер дайын бұйымдарын қоя алатын көрме алаңы, қолөнер тарихымен танысу үшін бірінші қабаттағы мультимедиялық кабинет, қазақ ұлттық билеріне арналған үлкен би залы, музыкалық зал, қазақтың дәстүрлі үстел ойындарына арналған кабинет те осы әсем ғимараттың еншісінде.
Орталықты салудағы мақсат – мегаполис тұрғындарына рухани жігер және мәдени орта сыйлау, жастарды ұлттық қолөнерді баулу және үйрету.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте бой көтерген Оқушылар сараайының ғимараты аяқталғаны туралы жаздық. Балалар шығармашылығын дамытуға арналған орталықтың жалпы сыйымдылығы – 500 орындық. Мекеме тәулігіне 4 ауысымда жұмыс істейтіндіктен, жоба бойынша күніне 2000 бала қабылдануға мүмкіндік бар.

Алдыңғы пост
Шымкенттегі ауруханада науқас ағзасынан салмағы 9 келі ісік алынды
Келесі пост
Түркістан көшесінен теміржолға дейінгі жолдың бір бөлігі жыл соңына дейін ашылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu