Шымкенттік қарияны келіні сазға отырғызып кетті

Теги: , , , ,
356

Шымкент тұрғыны өз келінінің құрбаны болды. Жәбірленуші полицияға арызданған.

Ер адамның айтуынша, оның атынан белгісіз біреу несие алған. Ол кезекті төлем жасау керектігі жөніндегі хабарлама келген кезде несие туралы бір-ақ білген. Бұл жайт “Алаяқтық” бабы бойынша тіркелді.

Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтау үшін бірқатар жедел іс-шаралар жүргізді. Жәбірленушіден, оның отбасы мүшелерінен және әріптестерінен сұрақ-жауап алып, смартфонын көбіне қайда және қашан қалдырғанын, жеке деректерін кімге жария еткен-етпегенін, сондай-ақ ақша аударымдарын тексерді.

Нәтижесінде күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғынның келіні болып шықты. Өзінің қулық-сұмдығы туралы қайын атасының біліп қойғанын байқаған келін Түркістан облысындағы туыстарына қашып кеткен. Полиция қызметкерлері оны мегаполиске жеткізді.

Айлакер келін күйеуінің қарт әкесінің телефоны арқылы интернет-банкингті жасырын пайдаланғаны белгілі болды.

«Бірнеше айдың ішінде әйел туысының атына жалпы сомасы 750 000 теңгеге тауар алу үшін 2 несие рәсімдеген. Оларды қолма-қол ақшаға айналдырып, қаражатты өз шотына аударып алған. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деді Абай аудандық полиция басқармасының анықтаушысы Серік Жантаев.

Алдыңғы пост
Сауда орталығындағы дау. Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Келесі пост
Шымкентте екі күн бойы аптап ыстық болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu