Шымкенттік дәрігерлер 14 жасар қыздың бауырынан эхинококк құртын алды

Теги: , ,
224

Шымкентте балалар дәрігерлері 14 жастағы қыздың бауырынан ұзындығы 9 см жететін эхинококк құртын алып шықты. Жасөспірім осы жылдың 21 тамыз күні ауыр халде қалалық  балалар ауруханасына түскен. Іш ауруы симптомы мазалаған баланы ата – анасы қабылдау бөліміне әкелген.

Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған. Жедел түрде науқасқа ота жасалған.

“Эхинакокк кистасы анықталған соң баланы отаға дайындадық. Операцияны 22 тамыз күні жасадық. Баланың бауырына лапароскопия аппаратымен, яғни, ота тіліксіз жасалынды. Операция кезінде 9,4 см және 8,1 см көлемді эхинакокк құрты шықты. Бала отадан кейін реанимацияда бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды”-дейді дәрігерлер.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аурухананың білікті балалар хирург дәрігерлері Ержан Байдуллаев, Қайрат Ізбасов және Асанбай Курманалиев, Гүлжан Айдинованың қатысуымен ота сәтті өтті. Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Дәрігерлер пациентті үйіне шығаруға дайындауда.

Алдыңғы пост
Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеудің жаңа ережесі күшіне енді
Келесі пост
Шымкентте қойма өртенді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu