Шымкенттік тұрғын қарасора өсіріп, үйін фитолаборатияға айналдырған

Теги: , ,
423

Шымкенттік полицейлер “Қарасора – 2023” есірткіге қарсы іс-шарасы барысында жедел ақпаратты пысықтау нәтижесінде есірткі бар өсімдікті өсіретін фитолабораторияны анықтады.

Еңбекші ауданындағы тұрғынның қосалқы үйінен құмыраларға отырғызылған 19 түп қарасора  тәркіленді.

Полиция хабарлауынша,38 жастағы ер адам гидропоника әдісімен тыйым салынған өсімдіктерді баптап өсіруге жағдай жасап, бөлмені желдету жүйесімен және қолдан жасалған шамдармен жабдықтаған. Сондай-ақ тәртіп сақшылары сарайдың төбесінен де заңсыз егіп-өсіру дерегін анықтады. Мұнда есірткі өсіруші 17 пластик шелекке ірі қарасора өсірген. Тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы шамамен 14 келі.

Аталған жайтқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды.

Алдыңғы пост
Білім күні 39 жаңа мектеп есігін айқара ашты
Келесі пост
Түркістан облысында 3 егіз бір мектептің табалдырығын аттады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu