465
Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келген болатын. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Оқушыларыңыздың атынан сіздердің ең ізгі тілектеріңіздің орындалуын, сондай-ақ отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім, қуаныш пен жайлылық болсын.