«Әскерде мұндай қорлықпен өткенше, өлгенім артық»: Асылып өлген сарбаздың хаты жарияланды

Теги:
167

Жамбыл облысында шекара қызметінде әскери борышын өтеп жүріп, қайтыс болған сарбаз Бекбол Мираштың сүйіктісіне жазған соңғы хаты жарияланды.

Жауынгердің денесін туған жері Атырау облысы, Миялы ауылына әкелген әскерилер сарбаз сүйіктісімен ренжісіп қалған соң асылып өлді деп айтқан. Бірақ оның сүйіктісі оның жазған соңғы хатын шенділердің өзіне оқып берді. Оның видеосын маңғыстаулық белсенді Бибігүл Рамазан Facebook парақшасында жариялады.

«Ауылда қандай Бекбол едім, әскерде бәрінен қорқып жүрмін. Көрінген адамнан қорқып жүрмін. Адамнан қорықпайтын едім, айтатын ешкімім жоқ. Жалғызбын, сен де жанымда емессің. Менің өмірден жоқ болып кеткім келеді. Әскерде мынандай қорлықпен өткенше, өлгенім артық. Мен сені жақсы көремін, бұйыртса кездесерміз” деп жазылған хатта.

Видеода бойжеткеннің әскерилерге қарап, «Менімен ұрысып қалса, мен сені жақсы көремін» деп айтады ма?» деген сөзін естуге болады.

Бойжеткеннің айтуынша, сарбаз соңғы кезде жиі ақша сұрап кеткен.

«Соңғы кезде күнде телефон шалып ақша сұрады. 5000 сал, 10 000 салып жібер, ағасына телефон шалып 30 000 теңге салшы деген. Сыныптасынан 20 мың теңге салып жіберші деген. Неге көп ақша сұрап кетті ол?»,-дейді ол.

2004 жылы дүниеге келген сарбаз 19 тамызда Жамбыл облысындағы шекара заставасында өз-өзіне қол салып, қайтыс болған болатын.

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер бұл оқиғаға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Алдыңғы пост
Үшінші мегаполисте жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті
Келесі пост
Алаяқтар халықты алдаудың жаңа әдісіне көшті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu