Сырдария өзенінде батып кеткен 9 адамның жаназасы шығарылды

Теги: , , ,
259

Бүгін Отырар ауданы Көксарай ауылында Сырдария өзенінде қайтыс болған 9 адамның жаназасы шығарылып, денелері жер қойнына тапсырылды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қайғылы жағдайға ұшыраған әулетке арнайы барды. Сырдария өзенінде орын алған оқыс оқиғадан қайғы жамылған әулеттің ата-аналарына, ет жақындарына көңіл айтты. Қайғыларына ортақтасып, құранға қатысты. Тиісті көмек көрсетіп, қажеттілігінше қолдау ұйымдастыру жүргізілетіндігін жеткізді.

21 тамызда Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері дарияға демалуға барып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған болатын. Бүгінде суған батқан 11 адамның 9-ының денесі табылған. Оның үшеуі әйел адамы, қалғаны кәмелет жасына толмаған балалар. Қазіргі таңда сүңгуірлер 12 және 10 жасар ұл мен қыздың денесін іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Алдыңғы пост
Елімізде шай мен кофе бағасы айтарлықтай қымбаттаған
Келесі пост
Шымкентті күн сайын 1273 жұмысшы қоқыстан тазартады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu