Шымкентте алаяқтық жасаған күдікті әйел ауруханадан қашып кеткен

Теги: , , ,
226

Шымкентте аурухадан қашып кеткен алаяқ әйел іздестіріліп жатыр.

1983 жылы дүниеге келген Феруза Корчиева алаяқтық жолмен өзінің танысын алдап, жалпы сомасы 12 миллион 700 мың теңгені қолды еткен.  Ол жәбірленушіге “банкте кепілде тұрған мүлкіңді шығарып беремін” деп сендіріп, ақшаны алған соң хабар-ошарсыз ізін суытқан.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4- бөлігі бойынша тіркелді. Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр екен.

“Феруза Корчиева соңғы рет денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерден қашып кеткен. Күдікті әйелді көрген-білгендер болса, бірден полицияның 102 арнасына немесе 8-7252-33-98-42, 8-702-757-79-57,  97-60-09  байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз” делінген полиция мәліметінде.

Алдыңғы пост
Жыл басынан бері теміржолмен 13,5 млн жолаушы тасымалданған
Келесі пост
Шымкенттік көпбалалы отбасы қайтарымсыз гранттың арқасында қымыз бизнесін дөңгелетіп отыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu